Оқиға

Алматы облысында екі жасар бала шұңқырға құлап, көз жұмды

Үлкендердің қарауынсыз қалған бала қазылған шұңқырға абайсызда құлап кеткен
Sputnik

АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Алматы облысында екі жасар бала шұңқырға құлап кетіп, сол жерде көз жұмды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

БҚО-да екі бала қоқыс төгетін шұңқырға құлап, тұншығып өлді

 "28 сәуір күні сағат 17:00 шамасында Ынтымақ ауылындағы Оспанов көшесінде орналасқан жеке үйдің ауласында үлкендердің қарауынсыз қалған 2016 жылы туған бала қазылған шұңқырға абайсызда құлап кетіп, сол жерде жан тапсырды", — деп жазылған хабарламада.  

Кеше сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында оқыс оқиға болып, адамдар зардап шекті. 

Жеке үйдегі көмір жағатын жылу пешінің ақауы салдарынан 1959 және 1960 жылы туған азаматтар иіс тиіп, ауруханаға жатқызылды.