Оқиға

БҚО-да екі бала қоқыс төгетін шұңқырға құлап, тұншығып өлді

Жазылу
НовостиTelegram
Қылмыстық іс қозғалды, қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында екі бала көршінің ауласындағы септикке құлап тұншығып өлді.

мақта жинау - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ОҚО-да мектеп оқушысы екі тонна мақтаның астында тұншығып қалған

Қайғылы оқиға 25 сәуір күні Қаратөбе ауданындағы Ұшан ауылында болған. 

Аудан әкімі Асхат Шахаровтың айтуынша, 2013 және 2015 жылғы балалар ата-аналарынсыз далаға ойнауға шығып, қоқыс төгетін шұңқырға құлап кеткен. 

"Балалар көшеде көрінбегеннен кейін, оларды іздей бастайды. Ауыл тұрғындары екі бүлдіршіннің денесін кешкі сегіздер шамасында көрші ауладағы қоқыс төгетін шұңқырдан тапты", — деп келтірді аудан басшысының сөзін "Мой город" порталы. 

Қазіргі таңда прокуратура мен полиция тиісті сараптамалар жүргізіп жатыр. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қаза тапқан балалардың ата-анасын жауапқа тарту мәселесін құзырлы органдар шешеді. 

Белгілі болғандай, екі бүлдіршін де тұншығып өлген. 

Әкімдіктің мәліметінше, көз жұмған ұл мен қыз ағайынды емес екен.

Жаңалықтар
0