Оқиға

Алматыда жолдан жүгіріп өтпек болған жаяу жүргінші опат болды

Жолдың рұқсат етілмеген жерінен қиып өткен ер адамды көлік қағып кетті, ол жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды
Sputnik

АСТАНА, 29 сәуір — Sputnik. Алматыдағы Рысқұлов даңғылында, Жансүгіров және Қазыбаев көшелерінің аралығында жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді. 

Петропавлда Toyota мас жолаушыны қағып кетті – видео

Sputnik Қазақстанға куәгерлер хабарлағандай, Honda CR-V Рысқұловпен батыс бағытта келе жатқанда жаяу жүргінші жолдың рұқсат етілмеген жерінен жүгіріп өтпек болған. Автокөлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, жүргіншіні бар жылдамдықпен қағып өткен.  

30-35 жас шамасындағы ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды.  

Алматы жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.