АСТАНА, 29 сәуір — Sputnik. Алматыдағы Рысқұлов даңғылында, Жансүгіров және Қазыбаев көшелерінің аралығында жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді.
Sputnik Қазақстанға куәгерлер хабарлағандай, Honda CR-V Рысқұловпен батыс бағытта келе жатқанда жаяу жүргінші жолдың рұқсат етілмеген жерінен жүгіріп өтпек болған. Автокөлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, жүргіншіні бар жылдамдықпен қағып өткен.
30-35 жас шамасындағы ер адам алған жарақатынан жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды.
Алматы жол полициясының қызметкерлері мен криминалистер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.