АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Астанада сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастаған әйелге қатысты үкім шығарылды.
Қылмыстық іс №2 Есіл аудандық сотында қаралған. Sputnik Қазақстан агенттігіне Астана сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел адам айыпты деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. Бірақ кішкентай балаларының бар екеніне байланысты, жазасын үш жылдан кейін ғана өтейтін болды.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, қаңтардың соңында әлеуметтік желіде Астана сотында шығарылған қаулының суреті жарияланды. Деректерге сәйкес, 36 жастағы елордалық әйел қызғаныштан сүйіктісінің жыныс мүшесін кесіп тастаған. Бұл оқиға БАҚ арқылы көпшілікке мәлім болып, тіпті шетелдік басылымдарда да жарияланған еді.