Мәдениет

Астанада Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді

Биыл Батырхан Шүкенов 56 жасқа толар еді
Sputnik

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Бүгін елордада саналы ғұмырын өнерге арнап, өзіндік талантымен көпшіліктің есінде сақталған Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді.

Жуырда марқұм Батырхан Шүкеновтің клипі жарыққа шығады

Әншіні ерекше құрметтеген жұртшылық орталық жағалау мен Арбат бойына жиылып, есті де ескі әндерді тыңдайды, деп хабарлайды 24 хабар. 

Батырхан Шөкенов "А-Студио" тобының негізін қалаған кезден бастап танылды.

Өнер ұжымының "Джулия", "Нелюбимая", "Солдат Любви" сынды әндері әлі күнге тыңдармандар жадында. Отандасымыздың жеке шығармашылығы да айрықша дәріптеледі. 15 жыл уақытта ол 6 бірдей музыкалық альбом шығарған.