АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Бүгін елордада саналы ғұмырын өнерге арнап, өзіндік талантымен көпшіліктің есінде сақталған Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтеді.
Әншіні ерекше құрметтеген жұртшылық орталық жағалау мен Арбат бойына жиылып, есті де ескі әндерді тыңдайды, деп хабарлайды 24 хабар.
Батырхан Шөкенов "А-Студио" тобының негізін қалаған кезден бастап танылды.
Өнер ұжымының "Джулия", "Нелюбимая", "Солдат Любви" сынды әндері әлі күнге тыңдармандар жадында. Отандасымыздың жеке шығармашылығы да айрықша дәріптеледі. 15 жыл уақытта ол 6 бірдей музыкалық альбом шығарған.