Өңірлер

Шымкентте енді "түнгі сот" жұмыс істейді

Мұндай бастамаға жол ережесін бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты қылмыстардың көбеюі сеп болған
Sputnik

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында "Түнгі сот" пилоттық жобасы қолға алынбақ, деп жазды otyrar.kz.  

Сот 52 жолаушысы өртеніп кеткен автобус жүргізушілеріне қатысты қаулы шығарды

Шымкентте енді "түнгі сот" жұмыс істейтін болады. Мұндай пилоттық жоба облыстық сотта қолға алынған. Жол ережесін бұзу, ұсақ құқық бұзушылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты қылмыстардың көбеюі осындай бастамаға сеп болған. Былтыр осы санаттағы істер саны 735 болса, оның 252-сі түнгі уақытта орын алған.

"Түнгі сот" жобасы осы санаттағы істерді қарау мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Тәжірбиеге сүйеніп, түнгі не кешкі уақытта орын алған құқық бұзушылық полициядан сотқа келіп түседі. Одан он бес күн қарау мерзімі бар. Қаулының күшіне ену үшін тағы он күн қажет. Осылайша, бір істі қарау екі айға дейін созылып кетеді. Тәжірбеиге сүйенсек, бұл санаттағы істер бірінші сатыда — ақ шешімін тауып кетеді. Сирек жағдайда ғана апелляциялық шағымдар келтіріледі. Жоба істі қарау мерзімін қысқартып, дер кезінде азаматтардың құқығын қорғау шараларын қолға алуға мүмкіндік береді", — деп түсіндірді облыстық соттың судьясы Виталий Мирошников.