АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Орта салмақта WBA/WBC/IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянға қарсы алдағы жекпе-жегі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды prosports.kz.
"Мартиросян – басқа боксшы. Канеломен салыстырғанда оның бойы ұзындау және стилі өзгеше. Бірақ мен ғажайып шоу сыйлауға, жанкүйерлердің көргісі келетін нәрсені беруге дайынмын. Олар мексикалық стильдегі Головкинді тамашалайды", — деді Геннадий.
Айта кетейік, Головкин мен Мартиросян арасындағы жекпе-жек 5 мамырда Калифорнияда өтеді.