Спорт

Головкин: Мартиросян – басқа боксшы

© AFP 2024 / Frederic J. Brown Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин Мартиросянның стилі Канелодан өзгеше екенін атап өтті

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Орта салмақта WBA/WBC/IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянға қарсы алдағы жекпе-жегі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды prosports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин мен Мартиросян көз арбасты

"Мартиросян – басқа боксшы. Канеломен салыстырғанда оның бойы ұзындау және стилі өзгеше. Бірақ мен ғажайып шоу сыйлауға, жанкүйерлердің көргісі келетін нәрсені беруге дайынмын. Олар мексикалық стильдегі Головкинді тамашалайды", — деді Геннадий.

Айта кетейік, Головкин мен Мартиросян арасындағы жекпе-жек 5 мамырда Калифорнияда өтеді.


Жаңалықтар
0