Өңірлер

Петропавлда бұрынғы шенеунікке алған пара көлемінен 60 есе көп айыппұл салынды

Бұрынғы шенеунік қызыл желінің ар жағынан үй салуға рұқсат бергені үшін 55 мың теңге пара алған
Sputnik

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Петропавлда сәулет және қала құрылысы бөлімінің бұрынғы басшысы Ержан Қасентаевқа 55 мың теңге пара алғаны үшін 3,3 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро департаменті тергеу басқармасының басшысы Асылбек Ідрісов.

ОҚО-да басқарма басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды

"Петропавл қалалық сотының үкімімен Қасентаевқа алған пара сомасынан 60 есе көп айыппұл салынып, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды", — деп мәлімет берді басқарма басшысы.

Оның айтуынша, Қасентаев биыл наурыз айында жергілікті тұрғыннан қызыл желінің ар жағынан үй салуға рұқсат бергені үшін 55 мың теңге пара алу үстінде ұсталған.