АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. ОҚО-да ІІД көші-қон қызметі басқармасының басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп мәлімдеді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.
"ҰҚК департаментінің жедел тергеу тобы ОҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында 10 сәуір күні облыстық ІІД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Н.Төлегенұлы Ауғанстанның төрт тумасына Қазақстан азаматтығын алуға көмек көрсету үшін 3500 доллар (шын ақша) және 30 000 доллар (муляж) мөлшерінде пара алып жатқан жерінен ұсталды", — деп мәлімдеді Садубаев.
Ұсталған азамат Шымкент ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жүріп жатыр.