Спорт

Джейкобс Головкинмен жекпе-жекте салмағы қанша болғанын айтты

Көпшілік Джейкобс салмағын әдейі өлшемеді, жекпе-жек кезінде рұқсат етілген лимиттен едәуір ауыр болды деп есептейді
Sputnik

АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс қазақстандық Геннадий Головкинмен дәл жекпе-жек күні IBF ережесі бойынша салмағын өлшеуден неге бас тартқанын түсіндірді, деп жазды Sports.kz.

Головкин нашар қарсылас таңдадың деп сынағандарға жауап берді

IBF ережесі бойынша орта салмақтағы боксшы жекпе-жек күні таңертең 175 фунттан (орташа категория — 160 фунт) аспауы тиіс. Көптеген адам Джейкобс салмағын әдейі өлшемеді, жекпе-жек кезінде рұқсат етілген лимиттен едәуір ауыр болды деп есептейді.

"Салмақ өлшеуден бір-ақ рет бас тарттым, өйткені көбірек демалғым келді. Жекпе-жекте салмағым 175 фунт тартты. Жұрт айтып жүргендей, 180, 185 немесе 190 фунт болған жоқ. Қалай дағдыландым, солай істедім. Салмақтың еш қатысы жоқ— деп жауап берді ол журналиске берген сұхбатында. 

Джейкобс қазақстандық боксшымен жұдырықтасқан кезде белбеуді емес, жеңіске жетуді ғана ойлағанын жасырмады. Оның пікірінше, Головкинді жеңген адам белбеусіз қалса да орта салмақтағы бірінші нөмірлі боксшы атанады. 

"IBF белбеуі үшін жұдырықтасуға мүмкіндік туғанда таңғы салмақ өлшеуге келісім беремін. Онсыз да бірнеше белбеу үшін айқасқа түстім ғой. Түптеп келгенде, GGG-мен, дивизиондағы нөмірі бірінші адаммен бокстасып жатқаныңда неше титулға таласып жатқаның – біреу ме, үшеу ме – маңызды емес. Жеңсең сен бәрібір үздік атанасың. Маған қосымша артықшылықтың керегі жоқ. Егер 190-195 фунт тартқан болсам, рингте олай жылдам жүре алмас едім. Баяулап қалушы едім", — деп түсіндірді америкалық боксшы.