Қоғам

Қазақстанда 4500 жетім бала отбасыларына оралды

Осының арқасында республикада жетім балаларға арналған 50 мекеме жабылған
Sputnik

АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Соңғы бес жыл ішінде 4,5 мың жетім бала отбасыларына оралды, деп мәлімдеді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршыбеков.

Алматыда аш-жалаңаш отырған балалар полиция қызметкерлерін шошытты

"Соңғы жылдары балалар үйінде тәрбиеленушілер саны азайып келе жатқаны байқалады, тиісінше балалар үйлерінің саны қысқарып жатыр. Соңғы бес жылда жетім балаларға арналған ұйымдарда балалар саны 40%-ға, 10 мыңнан 6 мыңға дейін азайды. 4,5 мыңға жуық бала отбасыларына оралды", — деді ол білім және ғылым министрінің халыққа есеп беру кездесуінде.  

Оршыбековтің айтуынша, жетім балалардың азаюының арқасында Қазақстанда 50 мамандырылған мекеме қайта құрылып, жабылған. 

"Балалар үйінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қамқоршылық кеңестері құрылды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық мәліметтер банкі жұмыс істейді. Балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру үшін 2014 жылдан бастап әр тәрбиеленушіге еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде білім алуға мүмкіндік беру үшін есепшот ашылды. Осы бағдарламаның арқасында 7779 тәрбиеленушіге 5 миллиард теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. 2017 жылы 225 оқушы осы мүмкіндікті пайдаланып, бүгінде университеттер мен колледжерде оқып жүр. Бұл практика болашақта да жалғасын табады", — деді Оршыбеков.