Өңірлер

ОҚО-да баланы зорлады деп айыпталған бозбала ақталып шықты

Қайта өткен сот процесі 10 жасар баланы зорлады деп айыпталған 16 жастағы бозбаланы ақтап алды
Sputnik

АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Шымкентте 10 жасар баланы зорлады деп айыпталған 16 жастағы бозбала ақталды, деп жазды otyrar.kz. 

Екі әулет арасындағы дау – депутат сарыағаштық баланың ісіне қатысты пікір айтты

Былтыр ОҚО-ға қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны көршісінің ұлы 10 жасар баласын бірнеше жыл қатарынан зорлап келген деп айыптаған болатын.

Алқа билердің қатысуымен өткен сот отырысында 16 жастағы бозбала ақталып шыққан еді. Бірақ жәбірленуші тарап апелляциялық шағым келтіріп, қайта сот тергеуі тағайындалды.

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы істі кері қайтарған да еді. Қайта өткен сот процесі 10 жасар баланы зорлады деп айыптаған 16 жастағы бозбаланы ақтап шықты.

"Бұл іс алқа билерінің қатысуымен қайта қаралды. 16 жастағы бозбала екінші рет ақталып отыр. Кінәсі дәлелденбеді", — дейді ОҚО МАҚІЖС үйлестіруші-судьясы Әбинұр Қарабаев.