АСТАНА, 26 сәуір— Sputnik. Ертең еліміздің үш өңірі мен Астана қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"27 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін", — деп хабарлайды Қазгидромет.
Астана қаласында таңертен және күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші — 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы — 90-95 %
27 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысында жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз аймақтың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Кей жерде найзағай ойнап, тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады деп болжанып отыр.
Петропавл қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.