Өңірлер

Астанада дауыл болады

© Sputnik / Макс Ветров / Медиабанкке өтужел
жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің солтүстігінде жел күшейіп, найзағай ойнайды

АСТАНА, 26 сәуір— Sputnik. Ертең еліміздің үш өңірі мен Астана қаласында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"27 сәуірде Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді. Күндіз кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін", — деп хабарлайды Қазгидромет.

Астана қаласында таңертен және күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші — 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы  — 90-95 %

27 сәуірде тәулік бойы Қостанай облысында жел соғады, түнде кей жерлерде, күндіз аймақтың басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Кей жерде найзағай ойнап, тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с болады деп болжанып отыр. 

Петропавл қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады. 


Жаңалықтар
0