Оқиға

Павлодарда ардагердің үйіне жылынып алуға кірген әйелдер алаяқ болып шықты

Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйінен 580 мың теңге ұрланды
Sputnik

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Павлодарда алаяқтар Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйін үптеп кетті.

Астанада екі қыз шетел азаматын таспен ұрып, тонап кетті

26 желтоқсан күні ерлі-зайыпты Любовь пен Николай Янченко үйде болған. ҰОС ардагері Николай Янченко сол күні 91 жасқа толған екен.  

Екі белгісіз әйел есікті қағып, жылынып алуды өтінеді. Олардың бірі әжейді алдарқата тұрып, екіншісі үйден ақша іздеген.   

"Ол екі әйел бізді, міне, осылай тонап кетті, оларды іздеп тапты, бірақ кінәсін мойындамай отыр. Біз пәтерге кірген жоқпыз, ештеңе білмейміз дейді. Бұл аз ақша емес қой", — деді "Павлодар Today-ге" тыл ардагері Любовь Янченко.

Алаяқтар үйден 580 мың теңгені алып кеткен. Ардагердің отбасы полицияға шағымданды, дегенмен, Любовь Янченконың айтуынша, кінәлілер әлі жазасын алмаған.