Өңірлер

Шымкентте 7-сынып оқушысы босанды

Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың анасы нәрестенің кімнен екенін білмейді
Sputnik

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмаған қыз босанды. Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы растаған.

13 жасар оқушы қыз босанды

Жергілікті Otyrar.kz басылымының мәліметінше, 7-сынып оқушысы 22 сәуірде №1 перзентханада ана атанған. Сәбидің салмағы төрт килограмм екі жүз грамм.

Он үш жастағы қыз Шымкенттегі туыстарына қонаққа анасымен бірге келіпті. Жасөспірімнің анасы нәрестенің әкесі кім екенін білмейді. Кей деректерге сүйенсек, оқушының толықтығынан аяғы ауыр екенін байқамаған екен.

Жас ана Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында тұрады. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.