АСТАНА, 28 желтоқсан— Sputnik. Қырғызстанда Шу облысында оқушы қыз 13 жасында босанды, деп хабарлайды 24.kg.
Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірім қыз отбасылық медицина орталығында есепте тұрған. Перзентханаға 22 желтоқсанда түседі. Келесі күні дәрігерлер қызға ота жасап, баланы алып шығады.
Дүниеге келген қыздың салмағы — 2,9 килограмм. Анасы мен сәбиінің жағдайы қалыпты, қыз өзі емізеді. Әзірге олар ауруханада жатыр.
Нәрестенің әкесі кім екені белгісіз.