АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Түркияның оңтүстік-шығысында Адыяман провинциясында жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 39 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости Түркияның денсаулық сақтау министрі Ахмет Демиржанға сілтеме жасап.
"Адыямандағы жер сілкінісі салдарынан 39 адам зардап шекті, 35 адам ем алып жатыр. Ауыр жарақат алғандар жоқ", — деп мәлімет берді министр.
Жер сілкінісінің магнитудасы 5,1 болған. Ошағы жеті километр тереңдікте.
Бұдан бұрын 13 адамның зардап шеккені хабарланған еді.