Әлем

Жер сілкінісінен 40-қа жуық адам зардап шекті

© Sputnik / Игорь Носов / Медиабанкке өтусейсмограф
сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Магнитудасы 5.1 жер сілкінісі Түркияның оңтүстік-шығысында сейсенбі күні түнде болды

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Түркияның оңтүстік-шығысында Адыяман провинциясында жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 39 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости Түркияның денсаулық сақтау министрі Ахмет Демиржанға сілтеме жасап.

Сейсмограф - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыдан 480 км қашықтықта жер сілкінісі болды

"Адыямандағы жер сілкінісі салдарынан 39 адам зардап шекті, 35 адам ем алып жатыр. Ауыр жарақат алғандар жоқ", — деп мәлімет берді министр.

Жер сілкінісінің магнитудасы 5,1 болған. Ошағы жеті километр тереңдікте.

Бұдан бұрын 13 адамның зардап шеккені хабарланған еді.

Жаңалықтар
0