Өңірлер

ШҚО-да ауыл тұрғыны баланың мәйітін тауып алды

Баланың анасы 35 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды
Sputnik

АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы ауылдардың бірінің шетінен жергілікті тұрғын өлген баланың денесін тапқан, деп хабарлады altaynews.kz.

Қостанайда құдықтан табылған мәйіт ауыл тұрғындарын есеңгіретіп тастады

"Полиция бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазіргі уақытта баланың анасы 35 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі. ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтіруі") бойынша алдын ала тергеу басталды", — деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде бірқатар тиісті сараптама тағайындалды.