АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы ауылдардың бірінің шетінен жергілікті тұрғын өлген баланың денесін тапқан, деп хабарлады altaynews.kz.
"Полиция бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазіргі уақытта баланың анасы 35 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі. ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтіруі") бойынша алдын ала тергеу басталды", — деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберінде бірқатар тиісті сараптама тағайындалды.