Қоғам

Электромобиль иелері көлік салығынан босатылуы мүмкін

Электромобиль өндірісін дамыту және қолданыс аясын кеңіту мақсатында бірқатар шаралар ұсынылды
Sputnik

АСТАНА, 23 сәуір — Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы электромобиль иелерін көлік салығынан босатып, қуаттау құрылғылары орнатылған тұрақтарды тегін беру ұсынылды.

Шенеуніктер арасында ең көп сұранысқа ие көліктер белгілі болды

Мұндай шешім 2018-2020 жылдары электромобиль өндірісі мен қолданысын дамытуға арналған іс-шаралар аясында ұсынылды, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның хаттама және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті.

2017 жылдың қорытындысы бойынша Армения және Беларусь елдерінде электромобильдің алғашқы прототиптері өндірілуде. Ресейде де электр көлігі өндірісіне 900 миллион рубль субсидия бөлінген.

Бұдан бөлек, Ресейде электромобильдерге арнап, жол жүру ережесіне өзгертулер енгізілген.