АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. "ҚазАвтоӨнеркәсіп" автокөлік саласы кәсіпорындары одағы" ЗТБ директорлар кеңесінің басшысы Олег Алферов қазақстандық шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында сұранысқа ие автокөлік модельдерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Жыл басынан бері мемлекеттік мекемелер шетелдік өндірістен шыққан алты автокөлікті сатып алды. Бұл, ең алдымен Toyota маркасы. 10 миллионнан 13 миллион теңге аралығындағы Toyota Camry мен Toyota Hilux көліктері", — деді ол ОКҚ-де өткен брифингте.
Алферов жаңа автокөліктер қандай мекемелерге және қанша теңгеге сатып алынғанын нақтылады.
"Қостанай облысының ішкі істер департаменті Toyota Hilux автокөлігін 13,9 миллион теңгеге, Шымкент қалалық мәслихат аппараты "Toyota Camry"-ды 12,9 миллион теңгеге, БҚО облыстық туберкулезге қарсы диспансер Mitsubishi Outlander көлігін 12,6 миллион теңгеге сатып алды. Атырау облысы Махамбет атындағы облыстық қазақ драма театры 9,9 миллион теңгеге Toyota Camry, "Геофизикалық зерттеулер институты" РМК 13 миллион теңгеге Toyota Hilux алды", — деді Алферов.
2017 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелер 4,7 миллиард теңгеге шетелдік өндірістің 461 авокөлігін сатып алған.
Алферов "ҚазАвтоӨнеркәсіп" шетелдік автокөліктерді сатып алуға мораторий жариялауды ұсынып отырғанын айтты.