Өңірлер

Синоптиктер: алдағы күндері қар жаууы мүмкін

"Қазгидромет" РМК 24-26 сәуір аралығындағы ауа райына болжам ұсынады
Sputnik

АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Қазақстан аумағы бойынша солтүстік-шығыс бағытта белсенді атмосфералық ағымдармен Каспий циклоны жылжып келеді. Сейсенбіде Қазақстанның орталығына, ал оның ағымдары республиканың оңтүстік облыстарына жетеді. Соның әсерінен оңтүстікте кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, республиканың орталығы мен шығыс облыстарында да жауын-шашын түседі. 

"Елдің солтүстігі мен батысы Сібір антициклонымен байланысты атмосфералық ағымдардың ықпалында болады. Мұнда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстікте түнде қар жауып, температура төмендейді деп болжануда", — делінген хабарламада.