Өңірлер

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
21-23 сәуірге арналған ауа-райы болжамы

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Суық циклонның атмосфералық фронттары Қазақстанға ығысып келеді. Оның әсерінен батыста, содан кейін солтүстікте және 23 сәуірде республиканың шығыс аудандарында жаңбыр болады.

Оңтүстік облыстарда найзағайлы жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Солтүстік облыстарда жаңбыр, кей уақытта қар аралас жаңбыр мен тұман түседі. 

21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дабылды ескерту жарияланды, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Петропавл қаласында 21 сәуірде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.


Жаңалықтар
0