Қоғам

Мамырдағы мерекелерде қанша күн демаламыз?

Үкімет мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстырды
Sputnik

АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстан халқы мамыр айында 11 күн демалады.  

2018 жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

Қазақстан халқы бірлігі күнін тойлауға байланысты 28 сәуір (сенбі) жұмыс күні, ал 30 сәуір (дүйсенбі) демалыс күні болады.

Осылайша, қазақстандықтар 1 мамырға үш күн қатарынан: 29-30 сәуір және 1 мамыр күні демалады.  

Одан бөлек, 5 мамыр, сенбідегі демалыс күні 8 мамыр, сейсенбіге ауыстырылады. 7 мамырда Отан қорғаушы, ал 9 мамырда Жеңіс күні тойланады. Яғни қазақстандықтар бұл аптада төрт күн қатарынан – 6-9 мамыр аралығында демалады.     

Мамыр айында мереке күндерін қосқанда 11 демалыс күні бар.