АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қазақстан халқы мамыр айында 11 күн демалады.
Қазақстан халқы бірлігі күнін тойлауға байланысты 28 сәуір (сенбі) жұмыс күні, ал 30 сәуір (дүйсенбі) демалыс күні болады.
Осылайша, қазақстандықтар 1 мамырға үш күн қатарынан: 29-30 сәуір және 1 мамыр күні демалады.
Одан бөлек, 5 мамыр, сенбідегі демалыс күні 8 мамыр, сейсенбіге ауыстырылады. 7 мамырда Отан қорғаушы, ал 9 мамырда Жеңіс күні тойланады. Яғни қазақстандықтар бұл аптада төрт күн қатарынан – 6-9 мамыр аралығында демалады.
Мамыр айында мереке күндерін қосқанда 11 демалыс күні бар.