Әлем

Солтүстік Кореяда автобус көпірден құлап, 30-дан астам адам қаза тапты

Туристік автобустың құлағаны туралы ақпарат БАҚ-та жарияланды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 23 сәуір — Sputnik. Корей халық демократиялық республикасында туристер мінген автобус көпірден құлап, 30-дан астам адам көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости қытайлық CGTN телеарнасына сілтеме жасап.  

"КХДР-да автобус көпірден құлап, 30-дан астам адам қаза тапты", — деп жазылған телеарнаның Twitter-дегі хабарламасында.  

Оқиғаның қалай болғаны жайлы әзірге ақпарат жоқ.