АСТАНА, 23 сәуір — Sputnik. Корей халық демократиялық республикасында туристер мінген автобус көпірден құлап, 30-дан астам адам көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости қытайлық CGTN телеарнасына сілтеме жасап.
"КХДР-да автобус көпірден құлап, 30-дан астам адам қаза тапты", — деп жазылған телеарнаның Twitter-дегі хабарламасында.
Оқиғаның қалай болғаны жайлы әзірге ақпарат жоқ.