Оқиға

Түрме қызметкерін ұрған қылмыскердің жаза мерзімі ұлғайтылды

Сотталушы түрменің тәртібімен келіспей, бас қадағалаушыны баспен бір ұрған
Sputnik

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Қостанай облысы Арқалық қаласындағы түрмеде сотталған адам қызметкерді бір ұрды.

Қасақана ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жүрген сотталушы серуен кезінде рұқсатсыз қоймаға кірген.

Әскери борышын бірге өтеп жүрген жігітті орындықпен ұрған сарбазға үкім шықты

"Арқалық қаласының УК 161/12 түрмесіндегі қоймаға сотталушы өз еркімен кіргендіктен, бас қадағалауышы ескерту жасаған. Ал сотталған азамат бұл тәртіпке наразылығын білдіріп, бас қадағалаушыны баспен бір ұрған", — делінген Қостанай облыстық сотының хабарламасында.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 429-бабы 2-тармағы бойынша айыпты деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырды.

Бұрынғы өтелмеген жаза мерзімін жартылай қосқанда, барлығы сегіз жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.