АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Астанада екі қабатты коттедж аумағында гараж, монша және шаруашылық құрылыстар өртенді.
Өрт 21 сәуірде түнгі сағат екіде Айнакөл көшесінде шыққан. Аумағы сексен шаршы метрді құрады. Өрт 02.41 кезінде ауыздықталып, 02.48-де сөндірілген.
"Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге он бес адам мен төрт техника жұмылдырылды", — деп мәлімет берді төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар азаматтардан өрт қауіпіздігін мұқият сақтауды сұрайды.