Өңірлер

Өскеменде аялдамада зейнеткер қайтыс болды

Қарт кісінің денесінде зорлық-зомбылық белгісі табылмаған
Sputnik

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Өскеменде Әуезов даңғылындағы аялдамада зейнеткер қайтыс болды.

Астанада аялдамада жас жігіт егде кісіні аяусыз ұрып-соқты

Ер адамның денесі жұма күні таңертең табылды. Қарт кісі орындықта өлі күйінде жатқан.

"Қайтыс болған адамның кім екенін анықтадық — 1937 жылы туған қала тұрғыны. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі табылмаған, — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

ІІД атап өткендей, қарияның өлімінің нақты себебін мамандар анықтайды.