АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Өскеменде Әуезов даңғылындағы аялдамада зейнеткер қайтыс болды.
Ер адамның денесі жұма күні таңертең табылды. Қарт кісі орындықта өлі күйінде жатқан.
"Қайтыс болған адамның кім екенін анықтадық — 1937 жылы туған қала тұрғыны. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі табылмаған, — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
ІІД атап өткендей, қарияның өлімінің нақты себебін мамандар анықтайды.