Қоғам

Астана әкімдігі жер беріліп жатқаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Елорда билігі халықты орталық мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінен алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырады
Sputnik

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Астана әкімдігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралған Әсет Исекешев көпбалалы отбасыларға аз қабатты үй салуға жер телімін беріп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.   

Исекешев Астана халқын қолжетімді баспанамен қалай қамтамасыз ететінін айтты

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Аталған ұсыныс елорда билігіне азаматтарды қабылдау кезінде жеткізілді, қазіргі таңда ұсыныс зерделену үстінде және оны мемлекеттік органдар қарастырып жатыр", — деп түсіндірді әкімнің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Елорда әкімдігі халықты орталық мемлекеттік органдардың ресми дереккөздерінен алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырады.  

Айта кетейік, көпбалалы отбасылар жергілікті атқарушы органға құжат тапсыру арқылы тұрғын үй кезегіне тұра алады. Сондай-ақ электронды үкімет порталы арқылы да баспанаға мұқтаждардың тізіміне енуге болады.