Спорт

"Головкинге Астана әкімі болу үшін Қазақстанға оралатын кез келді"

Ресейлік промоутер GGG спорттағы карьерасын аяқтағаннан кейін оның орнын кім басатынын айтты
Sputnik

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Кәсіпқой бокс кеңістігінде таныла қоймаған промоутер Влад Хрюнов Sports.kz-ке берген сұхбатында Данияр Елеусіновті кәсіпқой бокста не күтіп тұрғанын болжай келе, ол алдағы уақытта Геннадий Головкиннің орнын басқанын қалайтынын жеткізді. 

Қанат Ислам "Головкинмен жұдырықтасқың келе ме?" деген сұраққа жауап берді

"Даниярға сәттілік тілеймін. Ол олимпиада чемпионы, қазірдің өзінде нағыз жұлдыз. Енді кәсіпқой бокста жасындай жарқылдағанын қалаймын. Геннадий Головкинге Астана әкімі болу үшін Қазақстанға оралатын кез келді. Ал Данияр Геннадий Головкиннің карьерасын қайталағаннан кейін, меніңше, Алматы әкімі болады", — деп болжады маман.