Спорт

Қанат Ислам "Головкинмен жұдырықтасқың келе ме?" деген сұраққа жауап берді

© Sputnik / Айгюзель КадирКанат Ислам
Канат Ислам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазақтың" келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді деп жоспарланып отыр

АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25–0, 20 КО) өзінің келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп хабарлады Sports.kz. 

ESNews телеарнасының репортері Эли Секбах "Қазақтың" жаттығуларының бірінде болып, отандасымызға бірнеше сұрақ қойған екен.

Қанат Ислам - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қанат Ислам өзінің промоутерлік компаниясын ашты

— Қанат, 25 жекпе-жектің бірінде де жеңілмегенсің бе? Жақсы рекорд.

— Маған қарсылас тауып берші (күледі). 

— Джермелл  Чарломен жұдырықтасар ма едің? Ал "Канеломен" ше?

— Иә, қуана-қуана келісер едім (күледі). 

— Ал GGG-мен жекпе-жекке қалай қарайсың? 

— Ол 160 фунтта ғой. 

— Жақында жекпе-жек өткізесің бе? 

— Иә.  

Қанат Ислам соңғы рет рингке Астанада өткен жылдың қыркүйегінде шықты. Ол кезде канадалық Брэндон Кукті техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Қанаттың келесі жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді деп жоспарлануда, қай күні және қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.    


Жаңалықтар
0