АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Алматы облысында сот кішкентай сәбиді азаптаған бала күтушіні үш жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, Талғар ауданында үш жасар балаға бас-көз болу үшін жалданған әйел бүлдіршінге айқайлап, ұрып-соққан. Өзі жоқта не болғанын анасы үйге орнатылған видеокамерадан білген.
Сот медициналық сараптама тәрбиеші баланы қатты затпен ұрғанын анықтады. Бала күтуші видеожазбаны көре салысымен бәрін мойындаған.
Алматы облысының № 2 ювенальды сотының үкімімен әйел үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы Өзбекстан азаматы болып шыққандықтан оған жазасын өтеп болғаннан кейін бес жыл бойы Қазақстанға кіруге тыйым салынды.