АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Мәскеу АҚШ санкцияларына қарсы шаралар туралы заң жобасын қабылдау мәселесін ұзаққа созбайды, деп мәлімдеді РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков.
"Бұл маңызды заң жобасы тез қаралады деген ойдамын. Өйткені қалыптасып отырған жағдайдың өзі барынша күш-жігер танытуды талап етіп отыр", — деді Рябков РИА Новости порталына.
Ол қазір сыртқы істер министрлігі АҚШ санкцияларына қарсы қашан және қандай шара қолданылатынын нақты айта алмайтынын атап өтті. Алайда жылдам қимылдау үшін саяси қажеттілік бар, дейді дипломат.
Жұма күні Мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин мен фракция жетекшілері парламенттің төменгі палатасына АҚШ санкцияларына қарсы шаралар қабылдауды көздейтін заң жобасын енгізген болатын. Құжатта Американың ауыл шаруашылығы, алкоголь және темекі өнімдерін елге әкелуге тыйым салу қарастырылған.