Әлем

Ресей көп ұзамай АҚШ санкцияларына жауап қайтармақ

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуМемлекеттік дума депутатының жұмыс үстелі, архивтегі фото
Мемлекеттік дума депутатының жұмыс үстелі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Американың ауыл шаруашылығы, алкоголь және темекі өнімдерін елге әкелуге тыйым салуды жоспарлап отыр

АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Мәскеу АҚШ санкцияларына қарсы шаралар туралы заң жобасын қабылдау мәселесін ұзаққа созбайды, деп мәлімдеді РФ СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков. 

Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған - Sputnik Қазақстан
Путин мен Ердоған АҚШ-тың шабуылынан кейін Сириядағы қақтығысты талқылады

"Бұл маңызды заң жобасы тез  қаралады деген ойдамын. Өйткені қалыптасып отырған жағдайдың өзі барынша күш-жігер танытуды талап етіп отыр", — деді Рябков РИА Новости порталына. 

Ол қазір сыртқы істер министрлігі АҚШ санкцияларына қарсы қашан және қандай шара қолданылатынын нақты айта алмайтынын атап өтті. Алайда жылдам қимылдау үшін саяси қажеттілік бар, дейді дипломат. 

Жұма күні Мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин мен фракция жетекшілері парламенттің төменгі палатасына АҚШ санкцияларына қарсы шаралар қабылдауды көздейтін заң жобасын енгізген болатын. Құжатта Американың ауыл шаруашылығы, алкоголь және темекі өнімдерін елге әкелуге тыйым салу қарастырылған.

Жаңалықтар
0