Өңірлер

Оралда зират өртенді

Ескі мұсылмандар зиратынан шыққан өрт 0,5 гектар аумақты шарпыған
Sputnik

АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Оралда кеше таңертең "Омега" зауыты ауданында орналасқан мұсылмандар зиратынан өрт шықты, деп хабарлайды "Мой город" порталы. 

Алматыда сауда орталығынан өрт шықты

Куәгерлер жолдаған видео мен фотолардан "Омега" зауыты жақтағы ескі мұсылмандар зиратының қалай жанып кеткенін байқауға болады. Ролик авторының сөзіне сенсек, зират маңынан өтіп бара жатқан бір адам темекі тұқылын лақтырып жіберген. Өрт содан тұтаныпты.

"Өрт сөндірушілер келді, сөндіруге тырысып жатыр. Санаулы секундтарда бәрі өртеніп кетті. 15 минут ішінде осынша үлкен аумақты от шарпыған", — дейді автор. 

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлімдегендей, Мұнай базасы,13 көшесінде құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабар 15 сәуір күні 11.15-те түскен. 

"Тілсіз жау сағат 13.30-де сөндірілді. Оқиға орнында 2 дана техника мен жеке құрамның 8 адамы жұмыс істеді", — деді БҚО ТЖД. 

Өрт аумағы 0,5 гектарды құраған.