Өңірлер

Синоптиктер: алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауады

"Қазгидромет" РМК 17-19 сәуір аралығындағы ауа райына болжам жасады
Sputnik

АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Синопиктердің болжамынша, алдағы күндері елімізде күн салқын, жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Алдағы тәулікте Қазақстанға антициклонның ығысуынан жауын-шашын уақытша тоқтап, ауа температурасы көтеріледі. 

"18 сәуірде батыста, 19 сәуірде солтүстікте кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Батыс өңірлерде температура 0+5 градусқа дейін, солтүстік пен орталықта 0-8 градусқа дейін төмендейді", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті антициклон қалыптасып, оның солтүстік-шығысқа ығысуына қарай жаңбыр жауып, найзағай ойнайды,  республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн суытады. 19 сәуірде бұл аймақтарда түнде және таңертең жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.