АСТАНА, 16 сәуір – Sputnik. Синопиктердің болжамынша, алдағы күндері елімізде күн салқын, жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алдағы тәулікте Қазақстанға антициклонның ығысуынан жауын-шашын уақытша тоқтап, ауа температурасы көтеріледі.
"18 сәуірде батыста, 19 сәуірде солтүстікте кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады. Батыс өңірлерде температура 0+5 градусқа дейін, солтүстік пен орталықта 0-8 градусқа дейін төмендейді", — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті антициклон қалыптасып, оның солтүстік-шығысқа ығысуына қарай жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн суытады. 19 сәуірде бұл аймақтарда түнде және таңертең жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.