Қоғам

Айыппұл төлемеген жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін

Астанада айыппұл төлемеген жүргізушілерге көліксіз қалу қаупі төніп тұр
Sputnik

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Елордамызда әкімшілік айыппұл бойынша борышкер көлік иелерінен техникалық құжат алынып, көліктерді айыппұл тұрағына жөнелтеді.

2018 жылы жол ережесін бұзудың 28 түрі бойынша айыппұл төмендейді

Қазір Астана полициясы "Борышкер-2018" жедел-профилактикалық шарасын жүргізіп жатыр.

Әкімшілік айыппұл бойынша қарызы бар тұлғаларға бұдан бұрын ескерту жасалған. 

"Айыппұлын төлемеген борышкерлерге қатысты сот орындаушыларымен бірлесе отырып мәжбүрлеу шараларын қолданып жатырмыз, яғни көліктерін айыппұл тұрағына жөнелтіп, техникалық құжатын аламыз", — делінген Астана ішкі істер департаменті хабарламасында. 

Қазір айыппұл тұрағына 53 көлік жіберілді.