Әлем

Путин мен Ердоған АҚШ-тың шабуылынан кейін Сириядағы қақтығысты талқылады

Ресей мен Түркия басшылары Сириядағы саяси реттеуді ілгерілетуге бағытталған екіжақты іс-қимылды жандандыру қажет деп есептейді
Sputnik

АСТАНА, 15 сәуір — Sputnik. Ресей мен Түркия президенттері телефон арқылы Сириядағы жағдайды талқылады, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі. 

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Ресейдің Сирияға қатысты қарарын қабылдамады

Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған АҚШ пен оның одақтастарының Сирияға жасаған шабуылынан кейін ушыққан жағдай бойынша келіссөз жүргізді. 

"Батыс елдерінің әрекеті БҰҰ жарғысын, халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарын бұзады", — деп атап өтті Путин. 

Ресей және Түркия тарапы зымыран соққысынан кейін екіжақты іс-қимылды жандандырып, Сириядағы саяси реттеу процесін ілгерілету қажет деп санайды. 

14 сәуір күні АҚШ, Ұлыбритания және Франция Сирия Араб Республикасының қарулы күштері мен азаматтық инфрақұрылым нысандарына зымыранмен соққы жасады. Олардың ойынша, бұл нысандарда химиялық қару дайындалады.