Әлем

Ғалымдар бақытты некенің құпиясын ашты

Ерлі-зайыптының бақытты болуында ақша маңызды рөл ойнамайды екен
Sputnik

АСТАНА, 15 сәуір — Sputnik. Америкадағы Джорджия университетінің зерттеушілері табысы аз ерлі-зайыптылар басқаларына қарағанда некеде анағұрлым бақытты екенін анықтады. Ғалымдардың жұмысы Social Science Research журналында жарияланған, деп жазады РИА Новости

Елімізде орташа жалақы 157 мың теңгеден асты

Мамандардың пайымынша, ортақ табысы жылына 60 мың доллардан аспайтын ерлі-зайыпты бір-біріне жиі қамқорлық танытып, ортақ бюджет жүргізеді екен. 

Жұмыс авторлары 24 пен 89 жас аралығындағы 3,5 мыңнан астам адам арасында сауалнама жүргізіп, оларды үш топқа бөлді: бойдақтар, некеде тұрғандар және жас жұбайлар. Зерттеу нәтижесінде жалғызбасты адамдар үйленгендерге қарағанда күйзеліске жиі ұшырайтыны анықталды. 

Бір қызығы, отбасылық кірісі аз ерлі-зайыптылар ең бақытты жандар болып шыққан.