Оқиға

Семейде 21 жастағы қызды пойыз қағып кетті

Бойжеткеннің жағдайы "орташа ауыр" деп бағаланып отыр
Sputnik

АСТАНА, 15 сәуір — Sputnik. Жұма күні түнде Семейде 21 жастағы бойжеткенді пойыз қағып кетті, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Павлодарда құлаққап киген баланы пойыз қағып кетті

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, оқиға түнгі он екілер шамасында Rich қонақ үйінің маңында болған. 

Теміржол өткелінде пойыз қағып кеткен қыз шұғыл ауруханаға жеткізілді. 

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен қыз жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Қазір оның жағдайы "орташа ауыр" деп бағалануда. 

"Қыздың пойыз астына қалай түскені анықталып жатыр", — деді Семей қаласы стансасындағы желілік ішкі істер бөлімі. 

Аталған фактіге қатысты тергеу жүріп жатыр.