Өңірлер

Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 786 километр жерде Қазақстан аумағында орналасты
Sputnik

АСТАНА, 15 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстанда 4,1 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлады сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы.  

Алматыдан 297 километр жерде жер сілкінді

Сейсмологтардың ақпаратынша, жер сілкінісі жексенбі күні Астана уақытымен сағат 08.05-те болған.  

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 786 километр жерде Қазақстан аумағында орналасты", — деп жазылған хабарламада. 

Зілзала ошағы 10 километр тереңдікте жатты. Сезілгені туралы мәліметтер жоқ.